Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қанатын кеңге жайған «ҚазАгроФерма» - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 20 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қанатын кеңге жайған «ҚазАгроФерма»
21:38, 26 октября 2017

Қанатын кеңге жайған «ҚазАгроФерма»


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дау­ында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек екенін айтқандығы белгілі. Ал, Қарасай ауданында ауылшаруашылық саласында өзіндік орнын қалыптастырып, жыл санап өрісін кеңге жайып, уақыт ағымы, заман талабымен қатар үндесіп, жергілікті жердің экономикасын көтеруге үлкен үлесін қосып келе жатқан құрылымдардың бірі ретінде «ҚазАгроФерма» ЖШС-ін ерекше атап өтуге болады.

2011 жылы негізі қаланған серіктестік Райымбек ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде орналасқан. Директоры Чернов Николай Николаевич басшылық ететін бұл мекеме жалпы аумағы 800 га алқапты алып жатқан ауылшаруашылық жерлерін өңдеумен айналысады.

Негізінен арпа, бидай, жоңышқа, сафлор өсіріп, жинаған өнімін аудан аумағындағы шаруаларға қолжетімді бағамен ұсынатын ферма, әсіресе, былтырдан бері жаңа қарқын ала бастаған. Олай дейтініміз, өткен жылы инвестиция құю арқылы 100 млн. теңгеге техникаларын жаңғыртып, комбайн, трактор, тіркемелі агрегаттар алған.

Сонымен қатар, 217 млн. теңге инвестиция салу жолымен израильдік технологиямен тамшылатып суғару әдісін қолға алған. Бір айта кетерлігі, бұл қаражаттың 30 пайызы мемлекеттен бөлінген субсидия арқылы қайтарылған.

Шаруашылықтың басқарушысы Арсен Стамбековтың айтуынша, осы мақсатта 185,2 га жер майбұршақ (соя) алқабына айналдырылып, гектарына 30 центнерден өнім алыныпты.

  • – Бұл технологияның артықшылықтары көп. Ең алдымен ол арқылы суды үнемдейміз, екіншіден, күзде жиынды бірнеше есе көбірек алуға мүмкіндік береді. Сол себепті, ойлана келе, ресейлік «АІК» фирмасымен келісімшартқа отырдық. Келісімге сәйкес, украиндік өз ісін білетін білімді агрономдар бір жыл бойы осы істің басы-қасында болып, біздің мамандарымызды үйретті, жол сілтеп, бағыт-бағдар берді. Алғашқы бастамамыз үшін біз тұқымды Алмалыбақ ауылындағы Қазақ егіншілік және өсімдік ғылыми-зерттеу институтынан сояның 24 тонна «Жансая» элиталы сұрыпын алдық. Биылғы ауа-райы да қолайлы болып, шаруашылығымызға еш кедергісін тигізген жоқ. Қазіргі кезде шыққан өнімді толықтай жинап, қоймаларымызды толтырып алдық. Алатын мекемелермен келісімшарттар жасалуда- дейді білікті маман.

Осылайша,  бүкіл дүние жүзі бойынша кең қолданысқа енген тың әдістің артықшылығына тілкелей тәжірибе жүзінде көз жеткізген фермерлер болашақта бұл алқапты 320 га-ға кеңейтуді мақсат етіп отыр. Бірақ, енді жүгері өсіріп көрмек. Өйткені, оның өнімі соядан екі-үш есеге дейін жоғары болуы мүмкін. Тек, ол үшін техника жағын тағы да жетілдіре түсу қажеттігі бар.

«ҚазАгроФерма» ЖШС-інің тағы бір артықшылығы ретінде әлі күнге дейін оңтүстік астанамыздың, жалпы киелі Жетісу жерінің символы болған апорт алмасын осы бір ұтымды технология арқылы өсіруді де қолға алғандығын айтпай кетпеске болмас. Екі-үш жыл бұрын 5,5 га жерге осы жеміс ағашының көшеттері отырғызылса, биыл бұл аумақ екі есе ұлғая түскен. Ал, әлі жемісін бере қоймаған көшеттерге ешбір зиянкестерден залалын тигізбей, жайқалып өсуін мол тәжірибелі агроном Александр Садовский қадағалайды.

Бұдан бөлек серіктестік қарапайым әдіспен, 350 га-ға күздік бидай, 250 га-ға арпа, 100 га-ға жоңышқа, 30 га-ға сұлы да салған. Жиналған дақылдарды қазірдің өзінде ауданымыздың жеке шаруашылықтары келіп, қысқы мал азықтары үшін тұтынып алып жатқан көрінеді. Себебі, сапа да жақсы, баға да тиімді. Ал, қоймаға құйылған дайын өнімге немесе жалпы ферманың материалдық жағына Нұржан Болатұлы жауапты. Оның айтуынша, жыл өткен сайын қарқын алған істегі ілгерілеушілікті осы қамбаға толған дәнді дақылдардың көлемі артқандығынан және сұраныстың көбейе түскендігінен-ақ анық аңғаруға болады. Ол, әрине, түгелдей ұжымның ортақ жетістігі.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района