Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қамқоршылық кеңестерінің көмегі көп - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 27 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қамқоршылық кеңестерінің көмегі көп
20:55, 25 мая 2017

Қамқоршылық кеңестерінің көмегі көп


Қазір елімізде мектептер жанынан қамқоршылық кеңестері құрылуда.

Білім саласындағы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылатын бұл ұйымдар демеушілік қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалайды сонымен қатар, оқыту мекемесінің өміріне етене араласып, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың жүзеге асуына ат салысады, материалдық-техникалық базасын жақсартып, білім сапасының арта түсуіне ықпал етеді. Мектеп директорларының кеңеске мүшелікке құқы жоқ. Оның құрамына осындай игілікті іске ұйытқы болып, демеушілік көрсетуге ынталы, жергілікті қоғам белсенділері кіре алады.

Қарасай ауданында жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін 14 мектепте осындай кеңестер құрылған. Сәрсенбі күні Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында өткен басқосу осы тақырыпқа негізделді. Аудандағы мектеп директорлары, бірқатар ата-аналар мен кәсіпкерлер қатысып отырған жиынға Алматыдағы шет тілдер және іскерлік карьера университетінің оқу әдістемелік істері жөніндегі проректоры тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Зәуре Ақтамбердиева арнайы келіп аталған кеңес жайында жан-жақты мағлұмат берді. Өзінің ауданымыздағы екі білім мекемесіндегі, атап айтқанда, Белинский мектебі мен Үшқоңыр қазақ орта мектебіндегі осындай алқаға мүше екендігін айтқан қадірлі қонақ ұстаздар қауымының үлкен еңбегін алға тарта келе, олар тек оқушыларға сапалы сабақ, саналық тәрбие берумен ғана айналысулары қажеттігін, ал, қалған ұсақ-түйек шаруаларды шешуге, ұйымдастырушылық жұмыстарды жүзеге асыруға осындай қоғамдық кеңестер көмек көрсетулері керек дегендей өз ойын айтты. Өзінің Елбасының туған жерінде осындай игі іске ұйытқы болып жатқанына қуанышын білдіріп, жоғарыда аталған екі мектепке кеңес тарапынан көрсетілген қамқорлықтың алғашқы белгісі ретінде түрлі-түсті қағаз басу құрылғысын тарту етті.

Сонымен қатар, осындай маңызды жиынды өткізуге қолдау көрсеткен аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Такимоваға, үлес қосқан Абай мектеп-гимназиясының директоры Тұрсын Сайбыроваға үлкен алғысын айтып, өзге де қатысушыларға ризашылығын білдірді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района