«Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауларына өтінім қабылдау басталды

0
368

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Аталмыш байқаулардың басты мақсаты – отандық өндірушіні қолдау, отандық тауар мен қызмет сапасының жоғарылауына, сондай-ақ, отандық өндірушілердің бәсекелік қабілеті мен сапа идеясы танымалдығының артуына ықпал ету. Байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халық тұтынатын үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауарлары» сияқты үш номинация бойынша жүргізіліп, әрбір номинацияда үш-үштен жеңімпаз таңдалатын болады. Биылғы жылғы байқауға 30-дан астам кәсіпорын қатысуға ниет білдіріп отыр.

Қатысушыларға байқау шарттарын кеңінен түсіндіру мақсатында Кәсіпкерлер палатасында 29 мамыр күні оқыту семинары өтетін болады. «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңін өткізу маусым айының соңына жоспарланған. Онда әділқазылар алқасы 9 жеңімпазды анықтайды. Олар өз кезегінде республикалық байқауға қатысуға жолдама алады.

Сондай-ақ, «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысу туралы өтінішті электронды түрде www.altynsapa.kz сайты немесе қағаз түрінде өткізуге болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь