Швейцариядағы Альпі тауларында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Вале кантонында, теңіз деңгейінен шамамен 3 мың метр биіктікте орын алған. Қайғылы жайттың себептері анықталуда. Бортта Швейцария мен Аустрия азаматтары болғаны белгілі болды. Көліктің жерге құлауы салдарынан барлығы мерт болған. Осыған ұқсас оқиға сенбі күні Германияда да болды. Везель қаласында (Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жері) жеңіл ұшақ тұрғын үйдің шатырына соғысып, өртеніп, жерге құлаған. Салдарынан үш адам көз жұмып, тағы біреуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, апатқа көрінудің нашарлығы себеп болған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь