Алматыдағы қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты ұзартылды

0
216

29 қыркүйектен бастап Алматыдағы қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс режиміне оралады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы қаланың көлік холдингінің телеграм каналына сілтеме жасап.

«29 қыркүйектен бастап Алматы қаласының қоғамдық көліктері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүретін болады», – делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қоғамдық көліктің жұмысы бір сағатқа, 22.00-ге дейін қысқартылған болатын.

Тағы бір айта кетерлігі, қалада демалыс күндері қоғамдық көлік әдеттегідей жұмыс істейді. Тұрғындар мен қала қонақтары қоғамдық көліктерде медициналық маска тағуға міндетті. Жол ақысы тек электронды түрде, яғни, «оңай» төлем жүйесі арқылы төленеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь