Алматыда әуе апатынан зардап шеккен алты адам ауруханадан шықты

0
39

Алматы қаласының маңында құлаған «Bek Air» әуекомпаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырау салдарынан зардап шеккендердің ішінен тағы 6 адам ауруханадан шықты, – хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері өткізген арнайы брифингте барлығының қазір жағдайы бірқалыпты екен және де әрі қарай емін үйлерінде жалғастыратындарын мәлімдеді. Алайда әліде ауруханада дәрігерлердің бақылауында 9 адам жатыр. Сондай-ақ, зардап шеккен тағы үш кісі Нұр-Сұлтан қаласындағы ғылыми орталықта ем қабылдап жатыр. Ал, балалардың барлығы да үйлеріне шығарылған. Мұнан бөлек қан тамырларына қатты зақым келіп, дәрігерлерді алаңдатқан науқастың жағдайы оңалып, үйіне жіберілді.

Еске сала кетейік, желтоқсан айының 27-і күні борттында 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі бар «Bek Air» ұшағы радардан жоғалып кетіп, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлап, апат салдарынан 12 адам қайтыс болған еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь