Алматыда музейлер мен кітапханалар қайта жұмыс істей бастады

0
345

Алматыда бірқатар мәдениет нысаны карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 1-қыркүйектен бастап қалада музейлер, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.

«Алматы музейі, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар музейі, Қонаев музейі, Нұрғиса Тілендиев атындағы мемориалдық музей, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық музей кешені, Райымбек батыр дәстүрлі музыка мультимедиялық музей кешені күнделікті таңғы сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді», – деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл аталғандардан бөлек, қала ішіндегі Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Азия және Еуропа музыкалық аспаптарының жаңа залдары ашылды. Хайуанаттар бағы күнделікті сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, кассалар бұрынғы жұмыс кестесінен бір сағат бұрын ерте жабылады.

Сонымен қатар, қалалық кітапханалар әдеттегідей 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, қала кітапханалары онлайн форматта да бірқатар шара өткізуді жоспарлап отыр. Мысалы, қазанда балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің 125 жылдығына орай халықаралық конференция өтеді.

Мәдени нысандарға әлеуметтік арақашықтықты сақтап, медициналық бетперде тағып кіру қажет.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь