Алматы әуежайында ерекше дәліз пайда болды

0
502

Халықаралық Алматы әуежайында ерекше  санаттағы жолаушылар  үшін бөлек дәліз жасалды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz  желілік басылымы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, Алматы қалалық әуежай әкімшілі мүмкіндігі шектеулі жандар мен  қасында баласы бар әйелдер үшін ыңғайлы жағдай жасаған. Енді олар көпшілікпен бірге кезекте тұрмай, емін-еркін өз дәліздерімен жүре алады. Сондай-ақ, бұл арнайы өту жолағын жүкті әйелдерге де пайдалануына мүмкіндік берілген. Қазіргі таңда аталған әуежайдың операторлары бұл ақпараттарды  әрбір рейс сайын қайталап айтуда.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь