Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Алматы облысының «Үздік мемлекеттік қызметші 2019» атағына кім лайық?   - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 18 апреля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Алматы облысының «Үздік мемлекеттік қызметші 2019» атағына кім лайық?   
15:08, 12 апреля 2019

Алматы облысының «Үздік мемлекеттік қызметші 2019» атағына кім лайық?  


Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімін, уәждемелік жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауы өткізіледі. Биылғы жылы аталған байқау 2019 жылдың 5 сәуірінен басталды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Конкурсқа мемлекеттік қызметте бір жылдан  жоғары еңбек өтілі бар, әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ қызметкерлер қатыса алады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев өңірлік комуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында баяндады.

– Аталған байқау биыл үшінші рет өткізіліп отыр, бірақ өкінішке орай, біздің облыстың мемлекеттік қызметшілері алдыңғы жылдары конкурстың финалына өтпеді, алайда биыл олар белсендірек болады деген үміттеміз, – деді Серікбай Өрікбайұлы.

Байқау облыстық және республикалық  екі негізгі  кезеңнен тұрады. Конкурстың марапаттау рәсімі 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылып отыр. Жеңімпаздарға ҚР «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелігісмен және естелік сыйлықтары табысталатын болады.

 

 

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района