Алматы облысында тұрғын үйдегі өрттен екі бүлдіршін көз жұмды

0
80

3 ақпанда Алматы облысы Өстемір ауылында жек үйде шыққан өрттен екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы ІІМ Төтенше жағдай комитетіне сілтеме жасап.

«13.16-да өрт сөндіру қызметіне Талғар ауданы Өстемір ауылында үй өртеніп жатыр деген хабар келді. Өстемірге таяу орналасқан, 35 шақырымлағы өрт сөндіру бөлімшесінен өрт сөндірушілер жөнелді. Олар Өстемірге жеткенде үйді толық өрт алып кеткен» – делінген хабарламада.

Өрт жергілікті уақыт бойынша 14.21-де сөндірілген. Комитеттің дерегінше, көршілері үйден 2016 және 2017 жылы туған екі баланы алып шыққан. Екі бала ауруханаға бара жатқан жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Өрттің себебі әлі анықталмады. Өстемір ауылы Алматыдан 50 шақырымда орналасқан.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь