Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Алматы облысында «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 23 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Алматы облысында «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастады
16:14, 12 августа 2019

Алматы облысында «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастады


Жаңа оқу жылынан бастап Алматы облысындағы барлық аймағындағы білім ошақтарында «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Жетісу – адалдық алаңы» аясында жүзеге асатын бұл бастама  жас буынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіттеп, адалдыққа үйретпек. Сонымен қатар, қазіргі таңда осы жобаны іске асыру барысында «Парасаттылық лагері» ұйымдастырылып, 32 мыңнан аса жеткіншек демалыс орнымен қамтылды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан бері 100-ден аса іс-шара ұйымдастырған.

Сондай акцияның бірі ретінде «Жол бер, өмір сыйла» акциясын айтуға болады. Бұл акцияның өткізілу мақсаты – көлік жүргізушілері арасында парасаттылықты қағидаттарын арттыру. Себебі қазіргі таңда күнделікті өмірде көлік құралдарының жүргізушілері жедел жәрдем автокөлігіне жол бермей, онымен қоса жолда қауіпті жағдай туғызып, қозғалысына кедергі келтіруде. Көптеген жағдайда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін. Осы жағдайдың маңыздылығын ескерген Департамент «Жетісу – адалдық алаңы» жобасы аясында аталмыш акцияны ұйымдастырып отыр.

– Полиция Департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған бұл акция көлік жүргізушілеріне ғана емес, сондай-ақ барлық азаматтарға жақсы үлгі болатынын атап өту керек. Қысқа уақыттың ішінде екі көлік жүргізушісіне жедел жәрдем көлігіне жол бермегені үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Алдағы уақытта осындай жағдайларды азайту үшін біз «Жол бер, өмір сыйла» акциясың іске асырып отырмыз, – деді «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Тоқтарұлы.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района