Алматы облысында оқушыларды тасымалдау үшін автобустар сатып алынуда

0
164

Алматы облысында мектебі жоқ 69 шалғай жатқан елді мекеннен оқушылар тасымалдау үшін 71 жаңа заманауи автобус сатып алынуда. Биылғы жылы бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 940,6 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы кеше Алматы облысының әкімі Амандық Баталов брифинг барысында мәлімдеді.   Қазіргі таңда жоспарланған автобустардың 61-і сатып алынған. Оның ішінде 11-і Қарасай ауданы үшін алынса, Талыдқорған қаласына – 1, ал қалғаны басқа аудандарға арналған: Ақсу – 5, Еңбекшіқазақ – 10, Жамбыл – 5, Іле – 11, Кеген – 6, Райымбек – 2, Талғар – 10. Қалған 10 автобус тамыз айының соңына дейін алыну жоспарлануда.

– Балаларды тасымалдауға озық үлгідегі, орындықтары жайлы, ішінде камерасы орнатылған, нағыз заманауи автобустарды сатып алдық. Олардың сыртын біркелкі түскен боятып, арнайы логотип салғыздық. Енді бұл жаңа автобустар балалардың игілігіне қызмет ететін болады, — деді А. Баталов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь