Алматы облысында «Darmen» тегін мобильді қосымшасы іске қосылды.

0
138

Алматы облысында тегін «Darmen» мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі  Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жобаны Smart Almaty концепциясын іске асыру аясында Алматының төтенше жағдайлар департаменті, Даму орталығы мен I2NIK ЖШС-і жасаған. Аталған  мобильді қосымша Android Және IOS операциялық жүйесі базасында смартфондар мен планшеттердің барлық иегерлерін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеу үшін қолжетімді.

«Darmen» қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-тың тәжірибесі қолданылды. Ол облыста болуы мүмкін жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар қаупі туралы бірнеше секундта хабардар етеді.

Төтенше жағдайлар департаменті әуелі «Қазгидромет» пен «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» кәсіпорындарынан жедел деректерді алады. Содан кейін департаменттің кезекшісі жедел деректерді жүйеге енгізіп, push-қосымшаны қолданатын желі пайдаланушыларына тез арада хабарландыру жібереді.

Мобайл қосымша сынақтан сәтті өткен. Ол осыған дейін қолданылған SMS-ескертулермен салыстырғанда хабарландыруды жеткізу жылдамдығы бойынша тиімді болып шықты.  Бұл мобайл қосымшаны App Store мен Play Market-тен Darmen деген атауды енгізіп, оңай таба аласыз.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь