Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Алматы облысында қарасайлық блогер көпбалалы отбасыға баспаналы болуға көмектесті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 24 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Алматы облысында қарасайлық блогер көпбалалы отбасыға баспаналы болуға көмектесті
17:31, 11 июня 2019

Алматы облысында қарасайлық блогер көпбалалы отбасыға баспаналы болуға көмектесті


Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің тұрғыны, әлеуметтік желінің белсендісі және де жергілікті тұрғындарға ғаламтор арқылы пайдалы кеңес беріп келе жүрген блогер Алия Сатпаева 14 жылдан бері пәтер кезіп жүрген көпбалалы отбасыға үйлі болуға көмектесті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Алия «Бірінші елтайлық» (Первый Ельтайский) атты ғаламтор парақшасында адамдарды қайырымдылық жасауға шақырып, көмекке зәру отбасылардың жай-күйімен таныстырып жүреді. Кейде тіпті, өз қаражатымен жәрдем беріп жатқан сәттерді де бейне жазбаға алып, көрермендеріне үлгі болуға тырысады. Оның айтуынша, жоғарыда аталған баспаналы болған отбасының жағдайы жүрегіне қатты әсер еткен екен. Алты баласы бар ата-анамен тілдесіп, танысқанда, олар баспаналы болуға қатты зәру екенін жеткізген. Қасиетті Ораза айында жақсы амал істеуді ойға алған Алия сол сәттен бастап отбасының үйлі болуының амалын іздестіруге кіріскен. Әрине, блогер алғашқыда қолында бар құралы – әлеуметтік желілері арқылы аталмыш отбасының жай-күйін жариялап, қолдаушыларды іздей бастаған. Желіге салған жазбаларынан кейін, Алия жанашыр, көмек қолын созушылардың да көп болуын күтпегенін алға тартады. Олардың бірі азық-түлік себетімен, киім-кешекпен қол ұшын созса, басқалары тіпті, қаржылай көмекпен де қамтамасыз етуге ұсыныс берген екен. Осындай қайырымды жандардың ішінде үй алып беруге көмек беремін деген азамат та шыққан. Өз атын жариялағасы келмеген меценат, Алияның шығарған посттары астында қалдарған нөміріне хабарласып, көпбалалы отбасы армандаған баспананы алып беруге көмек беретінін жеткізген. Бұл жаңалықтан кейін, Алия көпбалалы отбасыдан кем қуанбағанын жасырмай, өзінің армандаған мақсатына жеткенін айтуда. Ал, ол осы ісін тоқтатпай, алдағы уақытта өз ауылының жағдайы төмен тұрғындарына көмек іздеп, әлеуметтік желіде белсенділігін одан әрі арттыруды мақсат етуде.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района