Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Алматы облысы әкімі эстафетаны қабылдап, Абай өлеңін оқыды   - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 23 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Алматы облысы әкімі эстафетаны қабылдап, Абай өлеңін оқыды   
12:28, 17 июля 2019

Алматы облысы әкімі эстафетаны қабылдап, Абай өлеңін оқыды  


Хәкім Абайдың 175 жылдығына орай өтіп жатқан халықаралық поэзия эстафетасына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та қатысты, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Әлеуметтік желіде аталмыш челенджді 9 жасар Ләйлім есімді бүлдіршін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдағаннан бері  үлкен танымалдыққа ие болды. Әрі қарай Президенттің қабыл алған эстафетасын қос министр мен Димаш Құдайбергенов жалғады. Бүгінде еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, атақты жұлдыздар, ақындар, жалынды жастар тіпті кішкентай бүлдіршіндерге дейін  Абай өлеңдерінің насихатталуына осы шараның арқасынды белсенді ат салысып жатыр. Ал, Алматы облысынң әкімі Амандық Ғаббасұлы эсфетаны  Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, елімізге еңбегі сіңген қайраткер Нұртілеу Иманғалиұлынан алып,  Ұлы ақынның «Жүрегім, нені сезесің» атты өлеңін оқыды. Өңір басшысы эстафета кезегін қазақ жерінен шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровке және әнші Мәдина Сәдуақасоваға жолдады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района