Алматы облысы бойынша 31 тамызда қоғамдық көліктер жүреді

0
208

Алматы облысында жаңа карантин талаптарында қоғамдық көліктердің жүруіне рұқсат етілген, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Алматы облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерғали Сыдыманов N27 қаулысы бүгін, яғни, 31 тамыз, сағат 07:00-де күшіне енді. Аталмыш қаулы талаптарына сәйкес, облыстың тамақтану орындары 30 адамға дейін ғана қабылдауға ғана құқылы, алайда оларға той, банкет жасауға болмайды.
Сондай-ақ, аталмыш нысандар 17 тамыздан бастап түнгі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істесе, енді олардың жұмыс уақыты бір сағатқа немесе сағат 23:00-ге дейін ұзартылды.
Ал, 31-ші тамыздан бастап қалааралық автобустардың жұмысы қайта жанданады. Облыстың аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ, облыс шегінен тыс жерлерде жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат берілді. Бұл ретте әр рейс алдында қоғамдық көлікті, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жуу және дезинфекциялау құралдарын, қолдана отырып өңдеу жүргізу қажет болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь