Алматы мен Тараз арасына тиімді бағамен ұшуға болады

0
1103

«FlyArystan» әуекомпаниясы осы жылдың 1-ші мамырынан бастап Алматы-Тараз қатынайтын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыдан Таразға дейін сапар ұзындығы 60 минут құрайтын ұшақтың біржақты билет құны әуежай алымдарымен қоса санағанда 4 999 теңгеден басталады.

Әуекомпаниясының өкілдерінің мәлімдеуінше, Алматы-Тараз-Алматы бағытымен 180 орындық, заманауи Airbus А320 ұшақтары күнделікті сапарға аттанады. Бұл жаңадан ашылған әуекомпания аталмыш бағыт арасында жылына 130000-нан астам жолаушы тасымалдайтын болады.

«Біздің басты мақсатымыз – барша қазақстандықтарға қолжетімді, әрі жайлы сапар шегу мүмкіндін сыйлап, тарихы мен мәдениеті бай өлкемізді жан-жағынан ашып көрсету. Ыстық автобус, пойызбен діттеген жерге жету біраз уақытты алатыны құпия емес. Бұдан былай отандастарымыз «FlyArystan» арқылы Қазақстан ішінде жеңіл қатынап, жақын туыстарына жиірек қонаққа барады деген үміттенеміз. Ал, кәсіпкерлер серіктестерімен байланысты лезде орнатып, жолға алтын уақыттарын жоғалтпай, Алматы-Тараз-Алматы бағытымен қатынау арқылы екі қаланың арасындағы экономикалық байланысты одан әрі жақындай түсіреді», – деп сенім білдірді әуекомпанияның сату мен маркетинг бөлімінің басшысы Жанар Жайлауова.

2018 жылы құрылған алғашқы қазақстандық «FlyArystan» лоукостері «халықаралық бюджеттік компаниялар» бизнес қағидаларына сай жұмыс істеп, әрбір жолаушыға қалаған орынды таңдау, қосымша жүкті тапсыру, борттық тағамға тапсырыс беру секілді қызмет түрлерін өз еріктерімен таңдап алуға мүмкіндігін береді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь