«Аshyq ákimdik» фронт-офисі ашылды

0
248

Өскемен қаласы әкімдігінің жанынан келіссөздер жүргізуге және қала басшылығының азаматтарды қабылдауға арналған ашық бөлмесімен жабдықталған «Аshyq ákimdik» фронт-офисі ашылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сілтеме жасап.

Халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматы «Шығыс — адалдық алаңы» жобасы аясында жұмыс тиімділігі, ашықтығы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында енгізілген болатын.

Аталмыш кеңседе жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, тұрғын үй қатынастары бөлімдерінің мамандары жұмыс істейді, олар осы бөлімдер ұсынатын қызметтер бойынша кеңестер беріп, құжаттарды қабылдайтын болады. Сонымен қатар, бөлмелерде қала басшылығымен келіссөздер мен азаматтарды қабылдауға арналған ашық бөлмелер бар сондай-ақ, кеңсе қызметкерлері тұрғындардың қаладағы өмірді жақсартуға бағытталған ұсыныстарын жинап, талдайтын болады.

Кезекші кеңсеге жүгінген азаматтар жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін «бір терезе» қағидасы бойынша кеңестер мен қызметтерді ыңғайлы жағдайда ала алады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь