Алматы дәрігерлері қосымша төленетін үстемеақы үшін Президентке алғыс білдірді

0
191

Алматы дәрігерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жолдауда айтылған медицина қызметкерлерін қолдау шаралары үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Жолдауда денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және медицина қызметкерлерін қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Президент медицина мамандарына үстемеақы төлеуге 150 млрд теңге бөлуді тапсырды. Осыған байланысты Алматының медицина қызметкерлері Қ.Тоқаевқа көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. №4 қалалық емханасының клиникалық фармакологы Әйгерім Тоқтыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн сұхбат барысында айтылған бастамаларға алғыс білдірді.
«Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі Жолдауы туралы айтқым келеді. Президент еліміздің медицина қызметкерлеріне екінші жартыжылдықта ынталандыру үстемеақыларын беру үшін 150 млрд теңге бөлуді тапсырды. Барлық медицина қызметкерлерінің атынан Президентке осындай үлкен көмек үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Пандемия кезінде жұмыс істеген әрбір медицина маманы өз өмірін қатерге тікті, ал бүгінгі Жолдау бізге үлкен қуаныш сыйлады», — деп атап өтті Әйгерім Тоқтыбаева.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь