Алексей Цой өзінің орынбасары Олжас Әбішевке қатысты деректермен бөлісті

0
197

Бүгін болған брифинг кезінде Алексей Цой өзінің орынбасары Олжас Әбішевке қатысты деректермен бөлісті, хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Айтуынша, вице-министр өткен аптада өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған екен. Ал кеше оның бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінгені мәлім болды. Алексей Цой қазір тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

«Егер оның кінәсі шын мәнінде дәлелденсе, онда Олжас Әбішев қазіргі лауазымынан босайды», – деді Денсаулық министрі.

Әзірге күдіктінің қанша қаражатты қалтасына басқаны белгісіз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь