Алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады

0
312

23-25 шілде аралығында елімізде күн суытып, нөсер жауын болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында «Қазгидромет» РМК өкілдері мәлімдеді.

Синоптиктердің хабарлауынша, солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағына жаңбыр әкеледі. Елдің солтүстік бөлігінің кей жерінде нөсер жауын болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, қатты жел соғып, бұршақ жауады, ауа температурасы төмендейді. Одан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының өзгеруіне байланысты ескерту жарияланды: 23 шілдеде күн күркіреп, бұрқасын болады, солтүстік-шығыс және шығыстан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь