Алакөлде гидроскутер мінген қыз сегіз жастағы баланы басып кетті

0
112

Алакөл көліндегі «Марсель Фэмели Ресорт» пансионатында гидроскутерге ие бола алмаған 2000 жылғы қыз бала үрмелі матраста жүзіп жүрген үш жасөспірімді басып кетті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Төтенше оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барды. Келгеннен кейін 2012 жылы туған сегіз жасар бала басынан бірнеше жерден жарақат алғаны анықталды. Ол Үшарал қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Қалған балалар зардап шеккен жоқ.

Алматы облысының ТЖД демалушылардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Скутермен жүргенде шомылып жүрген адамдардан алыс, қауіпсіз жерде жүру қажет, өйткені кез келген абайсыздық апатқа әкелуі мүмкін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь