Қала әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

0
1456

Ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев әр салада қызмет етіп жүрген аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Орталық кітапханада өткен жиынға қаламыздағы әр салада жемісті еңбек етіп жүрген, өңір дамуына үлес қосқан 30 әйел қатысты. Қала әкімі Асқар Мұқашев өз кезегінде әйелдер бар әлем тіршіліктің бастауы екендігін айтып, құрметтеп, ілтипатын білдірді.

–Шаһар басшысы ізгі тілегін жалғап, – әйелдер сарқылмайтын күш, тіршілігіміздің қайнар бұлағы. Тағдырдың тезінен қажымай, қиындықтарды жеңе отырып, жан-жағына мейірім шапағатын сыйлайтын барлық адамның қуанышы, әрбір отбасының берекесі, мемлекетіміздің мерейі болып жүрген сіздерге әрқашан қуаныш пен бақыт тілейтін.Үйлеріңізгеде ырыс пен ынтымақ орнап, барлық арман-мақсаттарыңыз орындалсын, – деген ақ ниетін білдірді.

Сондай-ақ, Асқар Өкенұлы бірқатар қала арулары медицинадағы, білім берудегі, бизнестегі, жас студенттер, журналистикадағы және басқа да маңызды салалардағы жемісті еңбегі үшін Алғыс хат табыстап, гүл шоқтары мен жақында Мәдениет үйінде ұйымдастырылатын концерт билетін берді.

Осындай мерекелі кездесуден кейін, қалалық әкімшілік ғимаратында қала әкімі ауданымыздағы көпбалалы аналарға 3 «Алтын алқа»,13 «Күміс алқа» мен төсбелгілерінін кітапшаларын табыстап, халық санын көбейтуге ерекше үлес қосқандары үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық пен отбасыларына амандық тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь