Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Алғашқы алтын белгі – дзюдодан - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 16 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Алғашқы алтын белгі – дзюдодан
22:43, 10 октября 2018

Алғашқы алтын белгі – дзюдодан


Аргентина елінің астанасы Буэнос-Айрестегі ІІІ жазғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында Алматы облысы Кербұлақ ауданының жас дзюдошысы Бекарыс Сәдуақас қарсыласына шақ келтірмей чемпион атанып, құрама қоржынына алғашқы алтын медалді салды. Қазан айының 6-нан бастап 18-не дейін жалғасатын осы үлкен спорттық шараға 206 елден 4000-ға жуық спортшы келген. Төрт жылда бір рет өтетін жарысқа еліміздің атынан 22 спорттың түрі бойынша 57 жас спортшы қатысуда.

Бекарыс 8 жасынан дзюдо және қазақ күресімен айналысуды бастап, бүгінде Қазақстан Республикасының спорт шебері атанған. 17 жастағы палуан осы уақытқа дейін көптеген сайыстарға қатыстып, жүлделі орындарды иеленген. Спортшының қанжығасы 2018 жылы да олжаларға толы болды. Мәселен, Түркия мемлекеті Анталия қаласында өткен Еуропа кубогында 1-орын, Ливан мемлекетінде өткен Азия чемпионатында 1-орын, Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында өткен дзюдодан Азия кубогында жасөспірімдер арасындағы 90 кг салмақ дәрежесінде және жастар арасында 100 кг салмақта 1-орын иеленген.

Облысымыздың мақтанышына айналған Бекарысқа алдағы уақытта әлемдік деңгейде еліміздің атын шығаруына тілектеспіз. Олимп шыңын бағындырар осындай спортшыларымыз көп болғай.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района