Алқа мәжілісінде атқарылған жұмыстар талқыланды

0
230

Алқа мәжілісінде аудандағы әртүрлі сала бойынша атқарылған жұмыстар кеңінен талқыланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ауданның түрлі сала бойынша дамуы өңірдің әл-ауқаты мен сапасы жағынан жақсаруын айқындайтыны анық. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар мен бағыты айқын бастамалар да іске асырылуы тиіс және бұрынғы көрсеткішінен жоғары нәтижелер көрсетуі керек. Осы және басқа да өзекті мәселелер жайында бүгін әкімдіктің үлкен мәжіліс залында кеңінен сөз етілді. Нақты айтқанда, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың төрағалығымен өткен алқа отырысында ауданның 2019 жылдың ІІІ тоқсанындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және ІV тоқсандағы міндеттері толығырақ талқалынып, атқарылған жұмыстар сараланды. Алқа мәжілісінде алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев күн тәртібіндегі басты мәселеге қатысты баяндама оқып, кейбір сала бойынша кемшіліктерге де тоқталып өтті. Алдымен ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауында айтылған тапсырмалар аясында жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айларының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің дамуына қатысты ақпарат берді. Баяндама барысында әр саланың айналасында игеріліп жатқан істер де сөз етілді. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 36,3 млрд теңгеге артық орындалса, құрылыс саласындағы жұмыстардың биылғы көрсеткіші де жоғары болған. Дегенмен кейбір саланың айналасындағы істердің қарқыны бәсеңдеп тұрғанын да айта кеткен жөн. Оның ішінде ауылшаруашылығына тартылған инвестиция, құқық бұзушылыққа қатысты ескертулер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтардың аздығы, ағымдағы жылдың І тоқсанын бойынша білім сапасының төмендігі сияқтыларды айтуға болады. Баяндамашының сөзінен кейін аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы әр салаға жауапты өзінің орынбасарларына және тиісті бөлім басшыларына сын-ескертпелерін айтып, нақты тапсырмаларды жүктеді.

Алқалы мәжілісте басқа да баяндамашылар соңғы 9 айда атқарған жұмыстарын таныстырып, нәтижелерін үлкен экран арқылы көрсетті. Ал, кейбір кемшілік тұстарын жылдың соңына дейін түзетіп, жоспарлы түрде қарқынды жұмыс жасайтындарын жеткізді. Жиын соңында аудан әкімі Жандарбек Далабаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен білім саласына ерекше тоқталып, ондағы атқарылатын шаруалардың да маңызы жоғары екенін айтты. Сондай-ақ, аудан басшысы халықтың игілігі үшін алға қойған міндеттерді орындап, өңірдің жан-жақты дамуына барынша атсалысу керектігіне де тоқталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь