Акция аясында жұмыстар атқарылуда

0
119

«Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» конвенция ережесіне сәйкес, 25 қараша – Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні болып бекітілді. Айтулы күнге орай, ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында республикалық «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясындағы іс-шаралар Қарасай ауданы бойынша да жүріп жатқандығын хабарлаймыз.

Акцияның мақсаты – тұрғындар арасында әйелдерге қатысты  зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту.

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыста зорлық-зомбылық көрсе, аудандық Полиция басқармасына қарасты Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының 2-35-64 сенім телефон нөміріне қоңырау шалсаңыз болады. Кез-келген сұрақтарыңыз бойынша Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы тарапынан құқықтық, «Зорлық-зомбылыққа – жоқ!-де» үкіметтік емес ұйымының психологы Т.Матвеевадан психологиялық кеңес ала аласыз.

 Қарасай АПБ ЖПҚБ

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан

қорғау тобы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь