Айжан Есмағамбетова: «көшеде міндетті түрде маска тағу керек»

0
343

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова сыртта маска тағу міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Бүгінде карантин кезінде жабық типтегі нысандарда да, ашық нысандарда да маска тағу міндетті. Соған байланысты Қазақстан азаматтарына талап қойылып, жауапкершілікке тартылады. Маска инфекцияның тарауынан қорғайтыны дәлелденген, себебі, коронавирус ауа-тамшы жолдары арқылы беріледі, – дейді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.
Бас санитар дәрігер аталған талап шілде айында шыққан 43-қаулыда жазылғанын айтты.
– Қол – инфекция тарайтын жер. Инфекция шырыш арқылы да тарайды. Бетімізді 5-6 рет ұстайтынымыз туралы зерттеу бар. Ол инфекцияның тарауының негізгі жолдарының бірі, – дейді Есмағамбетова.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь