АЙГҮЛ ТУРАЛЫ АЙТСАҚ…

0
771

Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Осы мереке қарсаңында көбіне тек журналистердің аты ғана аталып жатады. Дегенмен, басылымның халыққа тартымды болып жетуіне үлес қосатын көркемдеуші дизайнер қызметін ерекше атап өтуге болады. Әңгіме арқауына айналған бұл міндетті біздің аудандық «Заман жаршысы» газетінде Айгүл Қыстықбаева атқарады. Дизайнер – газеттің бет-бейнесі. Ішкі және сыртқы беттерін әрлеп, реттеп жататын олардың жұмысы көбінде журналистердің көлеңкесінде қалып жатады. Оқырманның газетке деген қызығушылығын оятып, тартымды қылып өрсетуіне олардың еңбегі зор. Айгүл Болатқызы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылының тумасы.  Дизайнның қыр-сырын меңгерген әріптесіміздің   2006 жылдан бастап осы газеттің редакциясында қызмет істеп келе жатқанына бүгінде 13 жыл толыпты. Өзінің ізденімпаздығымен, еңбекшілдігімен, тез қабылдап, тез үйренуге бейімділігімен тапсырылған жұмысты тиянақты орындайтыны үнемі басшылық назарынан тыс қалған емес. Жаңашылдыққа жаны құмар. Әрдайым ізденісте жүріп, өз саласы бойынша өзгерістер жасап отыруға тырысады. Өйткені, журналистің қара сөзбен жазып әкелген мақаласына сән беріп, сурет қойып түрлендеріп, әрқайсысын жекелей өз биігінде көрсетуге барын салып жүреді. Бір бойына жиналған ұқыпты, сыпайы, биязы, сабырлы, шыдамды, бір істі аяғына дейін жеткізбей қоймайтын мінезі де жемісті жұмысының жетістігі. Араласқан ортасына да, ұжымына да сол қылығымен сыйлы. Басқа күндері бар ойын, күш-жігерін жұмысына жұмылдыратын ол сенбі, жексенбіні сүйікті отбасына арнайды.. Қолы қалт ете қалғанда солар үшін түрлі дәмдіні пісіріп, барлық жағдайларын жасап, алдыларында бәйек болып жүгіргенді қалайды. Өйткені өмірде де, қызметінде де кездескен кедергіні жеңуге осы жанына жақын жандардың кіршіксіз таза, шынайы махаббаты күш беретінін жақсы түсінеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь