Айбынды жастар шеберліктерін танытты

0
190

Колледж жастары спорттық бәсекеде бақ сынады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Елбасының туған жерінде орналасқан «Úshqońyr» спорт кешені қашанда түрлі спорттық ойындарды өткізуге дайын нысандардың бірі. Бүгін осы аталмыш спорт мектебінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Айбын» мәдени-патриоттық, спорттық ойыны өтті. Жас буын арасында Отанын, тілін, дінін құрметтеп, сүюге, саламатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат ететін бұл спорттық шараның жастарға берері мол. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті жас тұлғаны жетілдіру және жастарды қарулы күштерінің әскери қызметіне дайындап, ақпарат беру, олардың жігерлік, физикалық қасиеттерін нығайту жағын да осы спорттық ойынның бірден-бір сипаты деп айтуға болады.

«Айбын» мәдени-патриоттық, спорттық ойынына С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық, Кәсіптік оқудағы көпсалалы, «Жәрдем» медициналық, Алматының су шаруашылық, «Аяжан» медициналық сияқты бірқатар колледждер қатысты.  Аталмыш спорттық ойын арнайы ережеге сәйкес төрт  кезеңнен тұрды:
1. әскерилендірілген эстафета;
2. кермеге тартылу;
3. АК-74 бөлшектеу және жинау;
4. кросс
Қызыққа толы өткен спорттық жарыста С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі үздік көрсеткіш көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. Ал, Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледж ІІ орынды қанағат тұтса, үздіктердің қатарындағы ІІІ орын Алматының су шаруашылық колледжіне тиесілі болды. Жарыс барысында барлық қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етіліп, марапатталды. Ал, үздік танылған топ облыстық ойынға жолдама алып, ауданның намысын қорғайтын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь