«Қай тілдерді жетік меңгерген?». Мемлекет басшысы туралы не білесіз?

0
189

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ана тілінен бөлек, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгерген. Сондай-ақ, француз тілінде сөйлей алады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

1970 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түсіп, 5-ші курста КСРО-ның Қытай халық Республикасындағы елшілігінде жарты жыл диплом алды тәжірибеден өткен. Ал 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде 10 айлық тағылымдамада болған. Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілінде еркін сөйлейтінін 2016 жылдың 6 желтоқсанында «аспан асты еліне» сапары кезінде Қытайдың халықаралық проблемаларды зерттеу институтында көрсеткен болатын.

Ал 2018 жылдың маусым айында BBC арнасына ағылшын тілінде сұқбат берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев желіде де белсенді. Жуырда бес тілді меңгерген Президент ағылшын тілін бірінші сыныптан үйретудің қажеті шамалы екенін, әуелі қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек екенін жазған болатын.

Қолы бос кезде кітап оқығанды ұнатады. Әсіресе, мемуарлық, тарихи және көркем әдебиеттерді сүйіп оқиды екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь