Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 16 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң
9:21, 26 апреля 2017

Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң


Үшқоңыр мәдениет үйінде «Радикалданудың нәтижесі экстремизм» атты облыстық семинар өтті. Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс- қимыл жөніндегі жоспарды орындау және мектеп оқушылары, мұғалімдер, аудан тұрғындарын жат ағымдардан сақтандыру мақсатында ұйымдастырылған жиынды ішкі саясат бөлімінің басшысы Әмина Абдраманова жүргізіп отырды.

Семинар барысында қатысушыларға арнап баяндама оқылды. Мысалы, Үшқоңыр медресе- колледжінің директоры Абзал Майлыбайұлы адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапса дегендей, жат ағымның жетегінде кеткеніне өкініп, дұрыс жолға түскендерді шетке теппей, ең алдымен білім беру мекемелерінде тәртіпті күшейтуді назарға алуды ұсынды. Себебі, «тәртіпсіз берілген білім, адамзаттың қас жауы». Ал, Қарасай ауданының бас имамы Ернар Қалмаханұлы қазақ халқының әлімсақтан мұсылман екендігіне тоқталып, терроризм мен дәстүрлі дінімізді, яғни, Ислам дінін қатар қоймау керектігін айтты. Өйткені, «Шынайы мұсылман – өзгеге тілімен де қолымен де зиян тигізбеген адам» (хадис). Өз кезегінде әл- Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Ықтияр Молдатөреұлы Елбасымыздың кемел саясатын еске салды. Неге десеңіз, Сирия мәселесі бойынша әлемдік алпауыттардың бас қосар, диалог немесе бейбітшілік алаңына айналған еліміз бірқатар елге үлгі. Сонымен қатар, сонау XII ғасырдан қалған Құран парағының суретін көпшілікке көрсетті. Бұл дегеніміз ата- бабаларымыз ертеден Құран нұрымен сусындап, Пайғамбарымыздың (с.а.с) салып кеткен сара жолымен жүргенін аңғартады. Енді, міне, ғасырлар бойы ұстанып келген, дәстүрлі дінімізден танбай, керісінше, оны терең зерттеуге шақырды.

Баяндама арасында сөз алған Абзал Амиров көрермендерге «Құранда неше сүре бар? Ең қысқа және ең ұзақ сүре қандай?» және т.б. сұрақтар қойып, көпшіліктің таным көкжиегін байқады.

Осылайша, күн тәртібіндегі мәселе қаралып болған соң, сыйлыққа алып келген діни кітаптар таратылды. Ата дәстүріміз ұлықталып, жат ағымдардан сақтандыруға бағытталған бұл жиын өз мақсатына жетті деуге негіз бар. Осы сынды тәрбие мен тағылымға толы семинарлар, ақпараттық түсіндіру шаралары алдағы уақытта да өтетінін айта кеткен жөн.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района