Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Абай гимназиясындағы соңғы қоңырау салтанаты    - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 20 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Абай гимназиясындағы соңғы қоңырау салтанаты   
20:13, 25 мая 2018

Абай гимназиясындағы соңғы қоңырау салтанаты   


Бүгін аудан орталығы – Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназияда соңғы қоңырау салтанаты өткізілді.

Бұл әрдайым елдің айрықша назарын аудартатын білім ұясы. Себебі, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы мектептен түлеп ұшып, үлкен өмірге қанат қаққан.

Осы жолғы мереке елеңдетер ерекше үш оқиғамен орайлас келіп отыр екен. Атап айтсақ, биыл Астана қаласына 20 жыл, гимназияға 80 жыл, ал, мемлекет басшысы мен оның сыныптастарының мектеп бітіргендеріне 60 жыл.

Алдымен Елбасы жас шағында сүйіп айтатын «Весна на заречной улице» әнінің «құшағына бөленіп» ортаға шыққан 1958 жылғы түлектерді жиналғандар үлкен құрметпен қарсы алды.

Мұнан кейін биылғы түлектер де, әсем әуен ырғағымен билеп шығып, әдемі киімдерімен, бал-бұл жанған жүздерімен көпшіліктің көзін қуантты.

Келесі кезекте аудан әкімі Жандарбек Далабаев сөйлеп, 60 жыл бұрын бітірген, ақ сақалды ата мен ақ жаулықты ана атанған үлкен кісілерге ақтарыла ақ тілегін айтты, биылғы түлектерге ақ ниетімен ақ жол болсын, деді. Елбасы оқыған білім ұясының алда да тек биіктен көрінуіне шынайы тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар гимназия директоры Тұрсын Сайбырова өзі басқаратын білім мекемесінің жетістіктері,оқушыларының әртүрлі байқаулардағы жеңістері жайлы жан-жақты баяндады.

Жиында, сондай-ақ,  Алматы облыстық Жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы Ерлан Жакупов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев, бітіруші түлектер атынан Мәди Әбдіхамитов сөйлеп, игі де ізгі тілектерін жеткізді.

Соңғы қоңырауды соғу құрметіне 11-сынып оқушысы Руслан Молдағазиев пен 1-сынып оқушысы Жанерке Көпжасар ие болды.

Абай гимназиясындағы бұл салтанат өте жақсы, есте қаларлықтай дәрежеде өтті.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района