Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«АБАЙ» АСУЫН БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛСЕНДІЛЕР - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 23 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«АБАЙ» АСУЫН БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛСЕНДІЛЕР
15:09, 16 августа 2019

«АБАЙ» АСУЫН БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛСЕНДІЛЕР


Ұлы Абайды дәріптеу мақсатында туған күніне орай, Алматының тау бөктерінде ерекше шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қазақтың Бас ақыны, адамзаттың Абайын танымайтын қазақ жоқ шығар. Тіпті, әлем әдебиетінде де ұлы қаламгердің есімі мен шоқтығы биік шығармалары өз алдында бір төбе. Бүгінде дана ойшыл Абайдың қалдырған өнегелі, өшпес туындылары ұрпақтан ұрпаққа әдеби мұра ретінде жалғасып, насихатталып келеді.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 мамырда ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды. Ел Президенті Бас ақынға арналған осындай айтулы мерейтой жоғары деңгейде аталып өтілуі үшін Үкіметке бірқатар тиісті тапсырма жүктеп, Қаулы еткен болатын.

Негізінде, Абай атамыздың туған күні жыл сайын өз деңгейінде маңызды іс-шараларға ұласып, ұйымдастырылуда. Дегенмен, ұйымдастырған келесі жылы мерекеленетін 175 жылдықтың орны бөлек. Әрине, бұл айрықша мереке кең көлемде көпшілікпен тойланатын болғандықтан, ақынды ерекше түрде дәріптеу биылдан басталып кетті. Оған дәлел ретінде өткен сенбі, яғни, 10 тамыз – ұлы Абайдың туған күніне орай, белсенді жандар игілікті шараны айтуға болады. Нақтырақ айтар болсақ, Алматы шаһарының маңайындағы елді мекендерден жиналған әртүрлі жастағы еріктілер Абай шыңын бағындыруға бел буды.

Шараға негізгі ұйытқы болған, қашанда ғибратты істерімен жастарді жетелеп жүретін Алматы қаласының «Jas Otan» жастар қанаты еді. Оның белсенді мүшесі Нұрсұлтан Байжанов жас та болса, осындай мазмұнды іске бас болып, ұлы ақынның туған күнін осылай атап өткенімізді жөн көріпті. Аталмыш ұйымның мүшелері бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі арқылы барлығымыздың басымызды қосып, Абай асуына жету жоспарын таныстырды. Нәтижесінде бас-аяғы 100-ге жуық белсенділер қатарын көбейтіп, сенбінің салқын таңымен ару қаладағы Балуан Шолақ спорт сарайында кездестік. Ұйымдастырушылар тарапы осы күнгі саяхаттың қалай жүзеге асатынын түсіндіріп, барлығына #Abay175 деп жазылған жеңіл жейде таратып, жолға азын-аулық азықты да таратты. Адам саны көп болғандықтан, арнайы дайындаған автобусқа топ-топ болып бөлініп, «Медеу» спорт кешеніне дейін барды. Одан ары арқанды жол арқылы Шымбұлақ пен Талғар асуларына жетіп, Абай белесіне жаяу шығуға бел буды. Осы аралықта барлығының қауіпсіздігі үшін Төтенше жағдай комитетінің мамандары өз кеңестерін айтып, жедел жәрдем мен арнайы құтқарушы азаматтар Абай шыңына дейін жететін жолды нұсқап, бізбен бірге ілесіп отырды.

Саяхаттың сәні Абай әндерін айтумен ерекшеленді. Барлығымыз дәл осы күні ұлы қаламгердің туған күні болғандықтан, ақынның «Көзімнің қарасы» мен «Желсіз түнде жарық айын» тау бөктерінде бірнеше рет әуелетіп, терең ойлы қара сөзі мен өнегелі өлеңдерін оқыды. Осылайша, есте қаларлық көңілді сәттермен жол қысқартып, ұйымшыл қыз-жігіттер болып таныстықтарын арттыра түсті.

Абай шыңы теңіз деңгейінен 4010 м биіктікте орналасқан Алматыдағы тау-тасты, жасыл желекті, биік беткейдегі ерекше орта. Осы таңғажайып табиғаты бар жерді саяхатты сүйетіндер болып сенбідегі Абай атамыздың туған күнін ерекше өткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района