Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ақын қыздың жыр кеші - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 19 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ақын қыздың жыр кеші
20:25, 14 апреля 2017

Ақын қыздың жыр кеші


Сәнімай Орақбаева Қаскелең қаласындағы  «Аяжан» медициналық колледжінің студенті. Болашағын ақ желеңді абзал жан ретінде елестетіп, сол мақсатта білім алып жатса да, бойындағы туа біткен дарыны оны өзге қырынан танытуға жол ашты. Бала күінінен қалам мен қағазды серік еткен бойжеткеннің бүгінде 200-ге жуық өлеңдері бар екен! Олар әртүрлі тақырыпта және әрқайсысында өзіндік сыр, сипат бар…

Бүгін аудандық кітапханада осы Сәнімайдың жеке шығармашылық кеші өтті. «Бұлақ көрсең көзін аш!» деп аталатын бұл кешті Бекболат ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кенжегүл Сопбаева мен аталған медициналық колледждегі қыздың ұстазы Бұлбұл Ажигул ұйымдастырған екен. Яғни, бұны кітапхана мен оқырман арасындағы байланыстың жарқын көрінісі ретінде түсінуге болады. «Өлеңге деген іңкәрлік», «Отанға деген махаббат», «Қоғамдағы түрлі оқиғалар» және «Ата-анаға арналған жырлар» сияқты тақырыптарды қамтыған, төрт бөлімнен тұрған жыр кешіне ауданның танымал тұлғаларынан бөлек, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Тоқтарәлі Таңжарық, «Жас Алаш» газетінің тілшісі Өміржан Әбдіхалық, Жамбыл аудандық «Үмбетәлі» музейінің директоры, Үмбетәлі Кәрібаевтың немересі Әуелбек Ысқақов қатысып, дарынды қызға үлкен қолдау білдіріп, жақсы тілектерін арнады. Тіпті, Сәнімайдың жеке жыр жинағын шығаруға жәрдемдесетіндерін де жеткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района