Ақылы жол жүйесін енгізу жалғасуда

0
488

Республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автомобиль жолдарында ақылы жол жүйесі енгізілетін болады. Бұл жайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына арналған Үкімет отырсында министр Р.Скляр жолдар мен оның құрылысына қатысты түсінік берді.

– Ақылы жол жүйесін енгізу және қызмет көрсету» жобасы бойынша тоқталсақ,  жоба аясында республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автомобиль жолдарында ақылы жол жүйесін енгізу көзделген. Қазіргі уақытта 2 сатылы конкурс жариялау үшін техникалық тапсырма әзірлеудеміз. Мамыр-қараша айлары аралығында конкурстық рәсімдер өткізілетін болады, шарт жасасу желтоқсан айына жоспарланған, – дейді министр.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр өз сөзінде «Алматы стансасын айналып өтетін 73,2 шақырымдық теміржол құрылысы» жобасына тоқталды. Ресми мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылып, біліктілік іріктеуінен 2 Қазақстан-Қытай бірлескен консорциумы өткен. Оның конкурстық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, құрылыс жұмыстары 2020-2022 жылдар аралығына жоспарланған.

Бұдан бөлек, министрдің баяндамасында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу жұмыстары туралы да айтылды. Яғни, «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу және пайдалану» жобасы бойынша Концессионер мобилизациялық жұмыстарды аяқтап, құрылыс монтаждау жұмыстарына кіріскен. Бұл жолдағы күтілетін трафик тәулігіне 38 мың автомобильге жету көзделіп отырса, жол қозғалысы 2021 жылы ашылатын болады.

Ал, «Алматы — Қорғас» (Батыс Еуропа — Батыс Қытай) автомобиль жолы учаскесінде «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану» жобасы бойынша нысан 2018 жылғы 22 маусымда пайдалануға беріледі деп күтілуде. Осындай жобалардың аясында министр Р.Скляр «Түркістан облысының жүрдек автомобиль жолдарын салу және пайдалану» концессиялық жобасына да тоқтала келе былай деді:«Жоба аясында Шымкент және Сарыағаш қалалары айналма жолдарының құрылысы (150 км) мен жалпы қашықтығы 265 шақырым жолды пайдалануға беру көзделуде. Биыл маусым айында жобаны республикалық бюджеттік комиссия отырысына шығарып, конкурс жариялау жоспарланған».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь