Ағылшын тілінде білім беру 10-11 сыныпта оқытылады

0
454

Мектепте оқушыларға ағылшын тілінде пәндер тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті және мектеп дайын болған жағдайда берілетін болады. Оның үстіне мектептің шешімі арқылы жүзеге асуы тиіс. Дәл осылай ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова мәлімдеме жасады деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз орталығында министр К.Шәмшидинова еліміздің білім саласындағы үштілік жайында ашып айтты.

– Үштілділікке байланысты: ең бірінші мәселе – қазақ тілін оқыту мәселесі. Екінші – орыс тілі мен ағылшын тілі мәселелері. Яғни тілдерді оқыту бұл деңгейге байланысты төрт дағдыны дамытуға бағытталады. Олар: тыңдау, айту, сөйлеу және жазу дағдылары. Сондықтан ағылшын тілінде балаларға пәнді беру тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған жағдайда және мектеп дайын болған жағдайда, мектептің шешімімен ғана жүретін болады. Қазіргі таңда 153 мектепте ұйымдастырылған ағылшын тілінде оқытуға біз мониторинг өткізіп отырмыз. Осы мониторингтің нәтижесінде дамытуға болатын сұрақтар және осы нәрсені дамытуға кедергі келтіретін мәселелер анықталып, болашақта мектептерге көмек ретінде берілетін болады», – дейді министр.

Көпке мәлім болғандай, Күләш Шәмшидинова осыған дейін мектепте ағылшын тілінде оқытылатын химия, физика, информатика мен биология сияқты төрт пәнді оқыту мәселесін түсіндірген еді. Ол жайында ҚР Білім және ғылым министрі бүгін көпбалалы аналармен болған кездесуінде қосымша ақпарат ретінде былай жеткізді: «Бүгінде барлық адамдарды ойландырып жүрген маңызды бір мәселе ол — xимия, физика, информатика мен биология пәндерін жоғары сыныпты ағылшын тілінде оқыту. Осыған байланысты қазір ағылшынша сабақ беруге асықпай көшу туралы шешім қабылданып отыр. Республика бойынша 150-ден артық мектеп ол бағдарламаға көшкен. Біз қазір бұларды зерделеп, қарап отырмыз. Оқушылар неден қиналып отыр? Ұстаздар қандай қиындық көріп жатыр? Біз оларға қалай көмектесеміз? Соны жан-жақты зерделеп жатырмыз. Сондықтан ұстаз бен мектеп дайын болған кезде, өздеріңізбен келісе отырып, біртіндеп ағылшын тілінде оқытуды енгізе бастаймыз. Асықпаймыз, ешкім қуып келе жатқан жоқ».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь