Ақылды жаяу жүргінші жолы бар қала

0
428
Сарыағашта елімізде ең алғаш болып «ақылды жаяу жүргінші жолы» пайдалануға берілгені жайлы, xабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Egemen Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бекіткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламамен Сарыағаш қаласын ақылды қалаға айналдыру мақсатында «Smart city — Saryagash»  жобасы әзірленген болатын.
Осы жоба аясында бүгінгі таңда елімізде алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жаяу жүргінші жолының ерекшелігі- жүргіншілерді жол бойынан түнгі мезгілде қауіпсіз өткізу. Атап айтқанда, жол жиегіне келген жаяу жүргіншіні қауіпсіз жол бойынан өткізу үшін, арнайы сезгіш датчиктер іске қосылып, жол жамылғысы жарықтанады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь