Ақмола облысында тұрғын үйде шыққан өрттен үш бала қайтыс болды  

0
221

Бүгін Ақмола облысында тұрғын үйде өрт шығып, үш бала қайтыс болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Hola NEWS  сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын үйде 7 адамнан тұратын көпбалалы отбасының өмір сүргені белгілі болды. Құтқарушылар келгенге дейін ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы қызыл жалынға орынған баспанадан шыққан. Өрт салдарынан үйдің төбесі құлаған. Сағат 06:40-та өрттің беті қайтып, сағат 08:25-те сөндірілген.

Өкінішке орай,  15,  13 және 12 жастағы балаларды құтқарып қалу мүмкін болмаған. Өрт сөндірушілер олардың тек мүрделерін алып шықты.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь