95 жастағы қария коронавирусты жеңіп шықты

0
399

Алматы қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 95 жастағы қария COVID-19-дан жазылып шықты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Емделуші ауруханаға түскенде тексеру барысында компьютерлік томография өкпенің 70% зақымдалғанын анықтап, екі жақты полисегментарлы пневмония диагнозы қойылған болатын. 95 жастағы қарияда жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, артериялық гипертензия, ми қан тамырларының жас патологиясы, қан айналымының бұзылуы және үдемелі дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты көптеген ілеспе аурулары болған. Сырқат 18 күн бойы стационарда емделген. Оның ішінде 8 күн науқасқа қосымша респираторлық қолдау көрсетілді.

– Сондай-ақ, тағы бір нәрсені айта кеткім келеді — адамның аурудан жазылуы оның ішкі жағдайына, оның өмір сүруге, отбасына, жақындарына оралуға деген ниетіне де байланысты. Бұл — біздің стационарымыздағы ең жасамыс науқас, ол коронавирусты жеңді, –  дейді дәрігер-реаниматолог Бауыржан Сәрсембаев.

Сырқатынан сауығып шыққан ақсақал клиниканың барлық медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, оларды нағыз батырлар деп баға берді. Ақ халатты абзал жандарға бақыт, денсаулық және осы пандемиямен күресуде шыдамдылық тіледі.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь