Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ерлан Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі болды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 18 апреля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ерлан Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі болды
9:23, 06 апреля 2019

Ерлан Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі болды


ҚР Президентінің кеңесшісі болып Ерлан Қарин тағайындалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында Ақорданың ресми сайтында жария болды.

Ресми мәлімдемедегі Мемлекет басшысының өкімінде «Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды» делінген.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы), Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша оқыған. 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетін тәмамдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Қызметтік жолдары:

  • 1996-1998 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетінде саясаттану кафедрасында мұғалім болған.
  • 1998-2000 жылдары Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары.
  • 2000-2003 жылдары Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.
  • 2004-2006 жылдар аралығында Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі.
  • 2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды.
  • 2008 жылдың ақпан айында ҚР Тұңғыш-Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылдың қараша айында «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы қызметін атқарды.
  • 2014 жылы 16 қазанда ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды.
  • 2017 жылдың 9 ақпанынан бастап соңғы тағайындалуға шейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района