«Аманат» қоғамдық тану сыйлығы табыс етілді

0
2446

Республикалық жоба болып табылатын «Аманат» қоғамдық тану сыйлығы Қарасай жерінде аудан арасында алғашқылардың бірі болып өткізілді,  – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қасиетті Қарасай жеріне бүгін арнайы ат басын бұрып келген ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірқатар мүшелері ауданымыздың жастарымен кездесіп, одан кейін БАҚ өкілдерімен баспасөз ұйымдастырған еді. Түстен кейін құрметті қонақтар рухани саяхат ретінде мәдени орталарды араласа, жалғасы аудан жұртшылығымен салтанатты жиынға ұласты. Нақты айтсақ, аудандық мәдениет үйінде республикалық жоба болып табылатын «Аманат» қоғамдық тану сыйлығының салтанатты марапаттау кеші болды. Жалпы, аталған рухани шара еліміздегі Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларда бастау алып, әр өңір бойынша да жалғасын тауып келеді. Аудан арасында біздің Қарасай өңірі алғашқылардың алды болып, ұлттық идеяны, мәдениет пен салт-дәстүрді жаңғыртып жүрген жандардың еңбектері еленді.

Алғашқы марапат иегері болып табылған Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шет тілдер педагогикалық колледжінің директоры Бақыт Шпекбаеваның сыйлығын табыстау үшін сахна төріне ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин шақырылды. Келесі сыйлықтың иегері Алматы облысының қазынашылық департаментінің бас маманы-бас қазынашы Айгүл Аязбаева бұйырып, оны жоғарыда аталған агенттіктің жанындағы республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, этнодизайнер Ырза Тұрсынзада табыс етті. Ал, соңғы үшінші марапат біздің аудандық ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Василий Тысиковке бұйырды. Оны табыстау үшін сахна төріне ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев шақырылып, сыйлық иесін құттықтады. Барлық марапат иегерін табыс еткен білікті тұлғалар өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, қонақжай қарасайлықтарға алғыстарын жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь