3D принтерде басылған бетперделер шықты

0
197

Көп мәрте пайдалануға жарайтын бетперде жобасын Чилидегі мыс өндіруші компания әзірледі, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерекшелігі сол, оны 3D принтерде басып шығаруға болады. Ал, жоба мақсаты, әлемдегі маска тапшылығын төмендету. Жоба авторларының айтуынша, бір бетпердені әзірлеуге 5 сағаттай уақыт кетеді екен. Қазір бұл жобаны жергілікті денсаулық сақтау институты мақұлдап, оны жаппай шығаруға рұқсат беріп отыр.

– Қазір әлемде бетперде жетіспей жатқандықтан біз микробқа қарсы бірегей маска шығаруды ұйғардық. Оны әлемнің кез келген жерінде басып шығаруға болады. Және көп мәрте пайдалануға да мүмкіндік бар. Жобаны Ұлттық денсаулық сақтау институтына ұсынғанымда, олар бұл бастаманы қолдай кетті, – жобаны әзірлеуші Даниэль Мартинез.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь