38 млн. теңгенің маскасын шетелге сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

0
240

Алматы қаласында масканы ірі көлемде шетелге шығарып, сатпақ болған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ҰҚК мен ІІМ-нің бірлескен операциясының нәтижесінде жалпы соммасы 38 млн. теңге болатын медициналық бетперденің ірі партиясын елімізден заңсыз шығармақ болған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

Ресми мәліметке сүйенсек, ұсталғандар – аса ауыр қылмыс жасап сотталған, деструктив діни ағымының өкілдері.

– Ұйымдасқан қылмыстық топтың өкілдері маскаларды отандық және шетелдік кәсіпкерлерден бопсалау және алаяқтық жолмен алған. Олар  қазақстандық дәріханаларды уақтылы маскалармен қамтамасыз еткісі келген, – делінген порталдағы ақпаратта.

Қылмыскерлер қорқыту арқылы «заңға бағынатын азаматтардың кейбірін» заңсыз әрекетке баруға итермелеген. Олар алыпсатарлықпен және шетелдік сатып алушыларды іздеумен айналысқан.

– Қылмыстық топтың мүшелері қаражатты күнделікті нанға емес, өз қажеттілігіне жұмсаған: қымбат көліктер мен құнды заттарды сатып алу, мейрамханаларға бару және «табысты» өмірдің басқа да атрибуттарына жұмсаған», – деп түсіндірді полиция.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деструктив діни ағымының 3 өкілі уақытша тергеу изоляторына қамалды. Шығынның орнын толтыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь