31  студент-ерікті  аттанды

0
1656

Жақында ауданымызда «Expo-2017» халықаралық  көрмесіне 31 ерікті студенттерді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Оны  Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып, бұл шара Сулейман Демирел атындағы университетінде болды. Аталған бас қосуға  университеттің студенттері, олардың ата-аналары, жастар және ардагерлер қатысты.

Жиын барысында жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мадина Нұрланова жиналғандарға өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, еріктілерге сәт-сапар тіледі. Бұдан бөлек, шығарып салу рәсімінде концерттік бағдарлама да өз деңгейінде жақсы ұйымдастырылып, жиналған қонақтар алдында ауданымыздың жас өнерпаздары өнерлерін көрсетті.

Кездесудің соңында ауданымыздың ардагерлер ұйымының төрағасы, Елбасымыздың сыныптасы Қыдыралиев Сайлаубек ата жастарға ақ бастасын беріп, үлкен жолға шығарып салды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь