2020 жылдан бастап…

0
246

Осы жылдан бастап кейбір азаматтарға несие берілмейді. Заң шеңберіндегі жаңа талапқа сүйенсек, айлық табысы күнкөріс деңгейінен, яғни, 31 183 теңгеден төмен табатын азаматтар өз атына несие рәсімдей алмайды. Сондай-ақ, жұмыссыздар да несие рәсімдей алмайды. Өйткені банктен қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми табысты көрсету қажет. Оған қоса, банктерге азаматтардың несие бойынша берешегі 90 күннен асып кеткен жағдайда, үстемақы есептеуге тыйым салынды.

2020 жылдан бастап кімдер табыс салығынан босатылады? Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, осы жылдан бастап арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады.

Бензин бағасының өсуі жаңа жылдың жаңалығы деуге болады. 1 қаңтардан бастап бензин акцизі екі есеге дейін көтеріледі, яғни, тоннасына 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін. Ол дегеніміз бензин бағасына әсер ететінін білдіреді. Сонымен, енді бензин бағасы литріне 10 теңге көлемінде өседі. Бір литр үшін акциз 8 теңгеден 18 теңгеге дейін дейін өзгереді.

2020 жылы паспорт пен жеке куәлік қымбаттайды. Паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 21 208 теңге; жеке куәлі – 0,2 АЕК немесе 530 теңге. Ал, жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 314 теңге.

Егер азамат жеке куәлікті ауыстыруға уақытылы өтініш бермесе, онда оған 7 АЕК немесе 18 557 теңге айыппұл салынады.

Негізінде, құжаттарды алу мерзімі – 15 күн. Егер қосымша ақы төлесе, құжаттарды жедел алуға болады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары үшін:

  • Жеделдіктің І санаты – бір жұмыс күніне дейін – 4 983 теңге;
  • Жеделдіктің ІІсанаты – үш жұмыс күніне дейін – 2 752 теңге.

Облыс орталықтары үшін:

  • Жеделдіктің І санаты – үш жұмыс күніне дейін – 4 983 теңге;
  • Жеделдіктің ІІсанаты – бес жұмыс күніне дейін – 2 752 теңге.

Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

Жеделдіктің ІІІ санаты – жеті жұмыс күніне дейін – 1 166 теңге.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь