Ломбардтар онлайн жүйеде қалай жұмыс істеп жатыр және нені білген жөн

0
183

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде ломбардқа мүлкін кепілге қойып, қарыз алушылар көп, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір ломбардтар онлайн жүйеде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан мамандар кейін сан соғып қалмауы үшін азаматтарға келісімшартты мұқият қарауды ескертіп жатыр.  Асқар Байдаров өткен айда көлігін ломбардқа қойып, қарызға ақша алыпты. Алдын ала келісім бойынша егер ол қарызының жартысын өтеген жағдайда темір тұлпарын қайтаруы керек еді. Бірақ, ол келісім ауызша жасалғандықтан, ломбард қызметкерлері оның көлігін бермей отыр. Себебі қарызын толық өтелуі керек.

– Келісімшартты қайта қарастыру жөнінде ұсыныс білдірдім. Әрине, қарыздың жартысын қайтарғаныммен олар меншік иесі болып қала береді. Қазіргі қысылтаяң сәтте маған көлік керек. Ал, Қазақстан ломбардтар қауымдастығының өкілдері төтенше жағдай кезінде келісімшарт жасауға ешқандай шектеудің жоқтығын айтты. Сондықтан қолда бар құжаттың талаптарын өзгертіп, қайта қарастыруға болады. Бірақ өзара мәміле керек, — қала тұрғыны Асқар Байдаров.

Қазақстан ломбардтар лигасының төрағасы Роберт Абзалиловтың айтуынша келісімшарт ауызша емес, қағаз жүзінде жасалуы шарт. Бірақ, ол үшін екі тараптың келісімі керек. Ондай келісім болмаса қолдағы құжатты өзгертуге болмайды

Жалпы төтенше жағдай кезінде ломбардтардың ашық жұмыс істеуіне ешқандай рұқсат жоқ. Дегенмен мүлікті немесе бағалы затты кепілге алу, ақшалай қарыз беруді онлайн жүйесінде жасауға болады. Ал, қарызын уақытылы төлей алмай жүргендер өтеу мерзімін ұзарта алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь