Ауданда Білім күні мерекесі аталып өтті

0
669

Бүгін ауданымыздағы барлық білім ордаларында Білім күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жаздық демалыстан кейін ұстаз бен оқушыларды қауыштыратын бұл мереке қашанда жоғары деңгейде өтетіні сөзсіз.  Биылғы оқу жылында Қарасай ауданында үшауысымдық оқу жүйесін жою мақсатында үш мектепке жапсаржай салу құрылысы жүргізіліп,  қолданысқа берілді. Солардың бірі – Қаскелең қаласындағы Керімбеков мектебінің  мерекелік жиынына аудан әкімі Жандарбек Далабаев  арнайы қатысып, мұғалімдер мен оқушыларды құттықтады. Сонымен қатар, бұл салтанатта аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов және аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрғалымов  та болды.

Салтанатты жиында алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы Қарасай жерінде бүгін бірнеше мектеп ашылып жатқандығынан, биылғы оқу жылында енгізілген жақсы жаңалықтардан жұртшылықты хабардар етіп, жылы лебізін жеткізді. Өз кезегінде, аталмыш мектептің директоры Қанат Байғараев жаратылыстану бағыты бойынша оқытылатын модификациялық кабинеттердің заманауи құралдармен жабдықталған жапсаржайдың салынуына қолдау білдірген аудан басшысына ұстаздар ұжымы мен ата-аналар атынан алғысын білдірді. Салтанатты шарадан кейін аудан басшысы жаңа ғимараттың есікке керілген қызыл лентасын қиып, мектеп ішін аралады. Үш қабаттан тұратын бұл нысанда 300 орындықты, 12 оқу кабинеттері бар. Сондай-ақ,  мұнда бес зертханалық, әдістемелік кабинетттер және мұғалімдерге арналған арнайы бөлме бар. Оның ішінде химия, биология, информатика пәндеріне арналған  сыныптарда интерактивті тақталар ілініп, заманауи үлгідегі жабдықталған. Ауласы да толықтай көгалдандырылып, оқушылардың түрлі ойындарына ыңғайлы стадион да ойластырылған. Бүгін алғашқы қоңырау салтанаты Қарасай ауданының барлық мектептерінде өтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь