Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.АГРАРЛЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 23 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
АГРАРЛЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА
18:48, 16 августа 2019

АГРАРЛЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА


Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (ҚазЕӨШҒЗИ) 85 жыл толуына арналған «Егіншілік пен өсімдік шаруашылығының жетістіктері мен даму болашағы» атты екікүндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Институттың атаулы мерейтойына арналған іс-шараға шетелдік және отандық аграрлық саладағы 10 мемлекеттен ғалымдар, еліміздегі алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың мамандары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының жетекшілері және агрокомпаниялардың өкілдері тәжірибе алмасуға арнайы келіпті. Аталған шараның шымылдығы Қазақ КСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, «КИЗ» қалашығының негізін қалаған Мұхамеджан Ерлепесовтың құрметіне ескерткіш тақтасын ашу рәсімімен басталды. Салтанатты жиынға аудан әкімі Жандарбек Далабаев қатысып, мерейлі жиында ізгі тілекті құттықтауын білдірді.

Сонымен қатар, дәл осы күні «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының ғылыми жетістіктерін коммерциялауға бағытталған «Қант қызылшасының отандық будандарының жоғары сапалы тұқымын өндіру технологиясы» жобасы бойынша салынған қант қызылшасының тұқымын өндіретін цех өз жұмысын бастады. Бұл цехта қант қызылшасының тұқымы төрт әдіс бойынша будандастырылып, өсіріледі. Жоба авторы Шолпан Бастаубаеваның айтуынша, жоғарыда келтірілген тәсілдер тұқым себілетін аумақтың климатына байланысты қолданылады екен.

Ал, одан кейін аудандық Мәдениет үйінде халықарылық ғылыми-тәжірибелік конференция шетелдік ғалымдардың қатысуымен өткен пленарлық отырысқа жалғасты. Жалпы, іс-шара барысында аграрлық ғылымның және заманауи агротехнологиялардың дамуы, мемлекеттік органдар мен бизнестің байланысы, жаңа ғылыми жетістіктерді ауылшаруашылық өндірісінде қолдану мүмкіндіктері және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Бірінші күнгі жиынның соңы Ұлттық аграрлық ғылым-білім беру орталығы жоғарыда аталған институттың 85 жылдығына орай қызметкерлерін марапаттаумен аяқталды.

Конференцияның екінші күнінде яғни бүгін институт қабырғасында ауылшаруашылық саласындағы бес бағыттан тұратын бес тақырыпты қамтыған отырыс өтті. Ал, екі күнге созылған жиын жұмысының соңы шетелдік қонақтарды Алматы қаласындағы көрнекі жерлерге эксурсия жүргізумен қорытындыланды.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района