10 — тамыз Абай күні!  

0
401

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленді, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы abai.kz айтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

— көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

— «22-1. Абай күні – 10 тамыз».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі»,- делінген Қаулыда.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Үкімет 10 тамызды «Абай күні» деп белгілеп, ресми мерекелер қатарына енгізу туралы ұсынысты «Ашық Үкімет» порталында қоғамдық талқылауға ұсынған еді. Ұсыныс 26 маусымда жарияланып, 13 шілдеде аяқталуы тиіс болған.

Айта кетейік, осыған дейін Абайдың туған күніне қатысты ел пікірі екіұшты болып келді. Абайтанушылардың бір бөлігі Абайдың туған күні 23 тамыз екенін айтады. Тағы бір бөлігі 10 тамыз дегенді алға тартады. Ал ЮНЕСКО көлемінде тойланған Абайдың 150 жылдығы 10 тамыз болып белгіленген.  Енді сол күн ресми түрде бекітіліпті. Бұл туралы Үкімет арнайы Қаулы шығарып, Заңға өзгерістер енгізген. Ол бойынша, президент Тоқаевтың бастамасымен биыл ел көлемінде аталып өтілетін Абайдың 175 жылдығы 10 тамызға белгіленуі тиіс.

Әуелде (Covid-19 пандемиясы алдында) Президент ұсыныс айтып, арнайы мемлекеттік комиссия құрылғаннан кейін өңірлерде бірлі-жарым мәдени іс-шаралар өткізіле бастады. Абайдың есімі көшелер мен мектептерге берілді. Солардың ішінде ауыз толтырып айтары – Семей қаласындағы әуежайға Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Одан бөлек, Семей өңіріне облыс мәртебесін қайтару туралы ұсыныстар дүркін-дүркін айтылып жатты.

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь